Қазақстандық киберфутболшы eChampions League турнирінде өнер көрсетеді

6a040aff82f11 1

Қазақстандық киберспортшы Данияр Шарабадин, яғни DAN1K лақап атымен танымал ойыншы, «Шахтер» клубының атынан eChampions League турниріне қатысады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол Еуропадағы ең беделді киберфутбол жарыстарының бірінде өнер көрсететін алғашқы қазақстандық клуб өкілі атанды.

Шарабадин тарихи алғашқы еҚПЛ турнирінің жеңімпазы атанғаннан кейін осы жарысқа жолдама алған еді. Турнирдің алғашқы кезеңі 15-16 мамыр күндері Англияның Манчестер қаласында өтеді. Бұл додаға Еуропаның ең мықты киберфутболшылары қатысады.

Бірінші ойын күні қазақстандық ойыншы «Манчестер Сити», «Хольштайн Киль» және «Аякс» клубтарының өкілдерімен кездеседі. Ал екінші күні «Кадис», «Нефтчи» және «Труа» клубтарының ойыншыларымен сынға түседі.

eChampions League турнирінің жалпы жүлде қоры 281 мың долларды құрайды. Манчестердегі топтық кезеңнен өткен қатысушылар Будапештте өтетін финалдық кезеңде жарысты жалғастырады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру