Шахмұрат Даулетов «Генктің» жастар командасының ойыншысы атанды
16 жастағы қазақстандық футболшы Шахмұрат Даулетов бельгиялық «Генк» клубының жастар командасына ресми түрде қосылды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Вингер жаңа маусымға арналған ойын нөмірін де алды.
Даулетов толыққанды ауысқаны туралы Instagram парақшасында жариялады. Ол есімі жазылған жейде мен 62-нөмірлі футболкадағы суреттерін бөлісті. Еуропаның жетекші академияларында мұндай форма ойыншының клубтың ресми тізіміне енгенін білдіреді.
2025/2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Генктің» U18 командасы қазақстандық футболшымен бірге Бельгия чемпионы атанды. Бұған дейін Даулетов клуб жүйесінде болғанымен, жастар командасының матчтарына тек эпизодтық түрде қатысып жүрген еді.
Шахмұрат Даулетов Еуропадағы мансабын бельгиялық «Беерсхотта» бастаған. Ол 2024 жылы түркиялық «Антальяспордан» ауысқан болатын. 14 жасында-ақ талантты футболшы «Генк» скауттарының назарына ілігіп, клуб академиясынан шақырту алған еді.



