Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтерге қарсы титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін

Еркебулан Токтар

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегін өзбекстандық Амирхон Аликхужаевқа қарсы өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Octagon лигасы бұл айқасты титулдық кездесу ретінде қарастырып жатыр.

Ұйымның баспасөз қызметі Тоқтар мен Аликхужаев арасындағы жекпе-жек BMF белбеуі үшін өтуі ықтимал екенін мәлімдеді. Лига өкілдерінің айтуынша, мұндай қарсыласуды жанкүйерлер көптен бері күтіп жүр.

Еркебұлан Тоқтар Қазақстан ММА тарихындағы алғашқы BMF чемпионы атанған болатын. Ол 2025 жылдың ақпанында Алматыда өткен Octagon 70 турнирінде тәжікстандық Камариддин Хасановты мерзімінен бұрын жеңген еді.

Амирхон Аликхужаев Өзбекстандағы танымал файтерлердің бірі саналады. Оның рекордында 12 жеңіс пен жеті жеңіліс бар. Соңғы жекпе-жегінде ол 2025 жылдың мамырында Маноэл дос Сантосты 64 секундта нокаутқа түсірген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру