Александр Шевченко Римдегі «Мастерс» турнирінің екінші айналымына шықты

Фото: НОК РК
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Римде өтіп жатқан «Мастерс» турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол жарыстың екінші айналымына өтті.
Алғашқы айналымда Шевченко аргентиналық Камило Уго Карабеллимен кездесті. Қазақстандық теннисші үш сетке созылған матчта 6:3, 4:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 2 сағат 49 минутқа жалғасты. Бұл екі теннисшінің кәсіби деңгейдегі алғашқы кездесуі болды. Матч тағдыры үшінші сеттегі тай-брейкте шешілді.
Енді Александр Шевченко үшінші айналым жолдамасы үшін ресейлік Карен Хачановпен ойнайды. Римдегі турнирдің жүлде қоры 8 235 540 еуроны құрайды, ал қазіргі чемпион — испаниялық Карлос Алькарас.
Алдыңғы мақала:
Михаил Кукушкин Уси турниріндегі жарысын аяқтадыКелесі мақала:
Қазақстан құрамасының Армения мен Мажарстанға қарсы ойындарға шақырту алған жалпы тізімі
