«ПСЖ» «Баварияны» тоғыз гол соғылған матчта жеңді
Францияның «ПСЖ» клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойында Германияның «Бавариясын» 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. «Парк-де-Пренс» стадионындағы матч өте тартысты өтті.
Есепті 17-минутта Харри Кейн пенальтиден ашты. 24-минутта Хвича Кварацхелия таразы басын теңестіріп, кейін Жоау Невеш «ПСЖ-ны» алға шығарды. «Бавария» Майкл Олисенің голымен жауап берді. Бірінші таймның соңында Усман Дембеле пенальтиден гол соғып, үзіліске дейін есеп 3:2 болды.
Екінші таймда париждік клуб басымдығын арттырды: Кварацхелия дубль жасады, ал Дембеле де екінші голын соқты. «Бавария» Дайо Упамекано мен Луис Диастың голдары арқылы есепті қысқартты, бірақ теңестіре алмады.
Қарымта матч бір аптадан кейін өтеді және финалға шығатын команданы анықтайды.


