Иван Дычко Дана Уайт туралы пікір білдірді

Иван Дычко

Фото: TKO Worldwide LLC via Getty Images

Қазақстандық боксшы Иван Дычко UFC президенті Дана Уайт туралы пікірін айтып, оның кәсібилігін атап өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Спортшы функционердің жұмысын сырттай бақылағанын жеткізді.

Дычконың айтуынша, ол Уайтпен жеке сөйлеспеген, бірақ оны бірнеше рет түрлі іс-шараларда көрген. «Жеке танысу бұйырмады. Көрген жерлерім — баспасөз жиындары мен кездесулер. Ол үнемі спортшыларға жылы сөз айтып, жеңіс тілеп, жанкүйерлер үшін тартымды жекпе-жек көрсетуге шақырады. Біз жанкүйерлер үшін жұмыс істейміз», — деді боксшы.

Сондай-ақ ол UFC басшысына баға берді. «Жалпы алғанда, ол позитивті, ашық адам, кәсіби екені көрініп тұр. Өз орнында отыр», — деп қосты Дычко.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін Уайт ұйымдастырған шоуда өткізіп, америкалық Джермейн Франклинге жеңілген. Ақпанда Дычконың Zuffa Boxing ұйымымен келісімшартқа отырғаны белгілі болды, алайда келесі жекпе-жектің уақыты әлі жарияланған жоқ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады