Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жекке дайындық аясында Ресей құрамасымен жаттығу өткізді

Асу Алмабаев

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып, еркін күрестен Ресей құрамасымен оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл дайындық оның алдағы айқас алдындағы жаттығу лагерінің бір бөлігі болды.

Dar Pro Team мәліметінше, жиын сәтті өтіп, спортшының физикалық және техникалық дайындығын күшейтуге ықпал етті. Жаттығулар күрес техникасы мен төзімділікті арттыруға бағытталды.

«Зұлфықар» лақап атымен танымал Алмабаев келесі жекпе-жегін 2026 жылдың 27 маусымында Бакуде өтетін UFC Fight Night 280 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Чарльз Джонсон болады.

Бұған дейін Джонсон қазақстандық Жалгас Жумагулов пен Азат Мақсұмды жеңген. Алдағы жекпе-жек ең жеңіл салмақта өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар