Зарина Дияс мансабын аяқтау себебін түсіндірді

Зарина Диас

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс кәсіби мансабын аяқтау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның айтуынша, бұл шешімге жарақаттар әсер еткен.

«Көп адам менен неге аяқтадым деп сұрайды, ерте дейді, әлі ойнай алатын едің дейді… Мен бұл шешімді жарақаттар маза бермегендіктен қабылдадым. Физикалық тұрғыда өте қиын болды, бір сәтте ағзам «тоқта» деді. Бұл оңай шешім болған жоқ: кәсіби мансапты аяқтау кез келген спортшы үшін ауыр. Мен бұл қадамға ұзақ келдім, көп ойландым, күмәндандым. Бірақ қазір бұл дұрыс шешім екенін түсінемін. Мен өз денемді тыңдадым», — деді Дияс.

Ол сондай-ақ әр адам өзіне дұрыс деп санайтын шешімді қабылдауы тиіс екенін айтты. «Әркім өзіне не дұрыс болса, соны істеуі керек, басқалардың сөзіне емес — нағыз күш осында», — деп қосты ол.

«Әрине, эмоциялар, жарыстар, адреналин жетіспейді — оны ештеңе алмастыра алмайды. Бірақ мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым және ештеңеге өкінбеймін. Ал теннис… ол жоғалмайды, тек өмірімнің жаңа кезеңінің бір бөлігіне айналады», — деді спортшы.

Зарина Диястың WTA рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші — 2015 жылдың қаңтарындағы 31-орын. 2017 жылы ол Жапония ашық чемпионатында жеңіске жетіп, жалғыз WTA титулын иеленді. Жалпы мансабында 13 титул жеңіп алған.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Июл - 10:55 Теннис
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
18 Июл - 18:48 Теннис
Александр Шевченко Швейцариядағы ATP турнирінің жартылай финалында жеңілді
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады
01 Июл - 14:17 Теннис
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты
30 Июн - 22:21 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты
29 Июн - 18:04 Жекпе-жек Теннис
Юлия Путинцева «Уимблдондағы» жарысты алғашқы айналымда аяқтады