Бекзат Алмахан Бакуде өтетін UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді

Бекзат Алмахан. Фото: Zuffa LLC
Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан 27 маусым күні Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның жекпе-жегі турнирдің негізгі кардында өтеді.
Қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Жан Мацумото болады. Айқас жеңіл салмақта өтеді, ал турнир «Baku Crystal Hall» аренасында ұйымдастырылады. Қазіргі таңда Мацумотоның рекорды — 17 жеңіс және 2 жеңіліс.
Алмахан UFC аясында үш жекпе-жек өткізді. Ол 2024 жылдың 2 наурызында дебют жасап, Умар Нурмагомедовқа төрешілердің бірауыздан шешімімен есе жіберді, алайда бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген. 2025 жылдың 10 мамырында ол алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, Брэд Катонаны 64 секундта нокаутпен жеңді.
Соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 22 қарашасында өткізіп, Александр Топурияға төрешілер шешімімен жеңілді. Қазіргі таңда қазақстандық файтердің UFC-пен келісімшарты бойынша бір жекпе-жегі қалды.


