Дина Исламбекова Азия чемпионатында Қазақстанға екінші алтын медаль әкелді
Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Улан-Баторда өткен Азия чемпионатында 80 келіден жоғары салмақта жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол финалдық жекпе-жекті сенімді өткізіп, алтын медаль иеленді.
Шешуші кездесуде Исламбекова Үндістан өкілі Алфия Патханмен жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы бірінші раундтан бастап басымдыққа ие болып, қарсыласын нокдаунға жіберді.
Келесі раундтарда да Исламбекова жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, үшінші раундта тағы да нокдаун тіркеді. Нәтижесінде ол айқын жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирін бес медальмен аяқтады: Надежда Рябец пен Дина Исламбекова алтын медаль жеңіп алса, Бақыт Сейдіш күміс жүлдеге ие болды, ал Айгерим Саттыбаева мен Валентина Хальзова қола жүлде иеленді.


