Юлия Путинцева Miami Open-2026 турнирін жеңіспен бастады

Фото: НОК РК
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Miami Open-2026 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстандық теннисші өзінен рейтингі жоғары қарсыласын жеңіп шықты.
Путинцеваның қарсыласы Индонезия өкілі Джанис Тьен болды. Ол WTA рейтингінде 40-орында тұрған және матчтың фавориті саналған. Соған қарамастан, қазақстандық спортшы кездесудің барысын өз пайдасына өзгерте алды.
Матч 2 сағат 7 минутқа созылып, Юлия Путинцеваның үш сет қорытындысы бойынша 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Ойын барысында қазақстандық теннисші екі эйс жасап, бірде-бір қос қателік жібермеді. Ал оның қарсыласы 12 эйс орындағанымен, тоғыз қос қателікке жол берді.
Осылайша, Путинцева турнирдің екінші айналымына өтті. Келесі кезеңде ол Қазақстанның бірінші ракеткасы және әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Miami Open-2026 турнирінің жүлде қоры 9 415 725 АҚШ долларын құрайды.
Жанқош Тұраров аңыз боксшының залында жаттығуын бастады
Головкин XXI ғасырдың үздік орта салмақ боксшыларының үштігіне енді
