Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль иеленді

Ризабек Айтмухан

Ризабек Айтмухан

Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасының балуандары Азамат Дәулетбеков (-92 кг) пен Ризабек Айтмұхан (-97 кг) қола жүлде жеңіп алды.

97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан үшінші орын үшін белдесуде Үндістан өкілі Джойнти Кумармен кездесіп, айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол қарсыласын небәрі 23 секундтың ішінде 10:0 есебімен ұтып, турнирдің қола медалін иеленді. Бұған дейін жартылай финалда Ризабек ресейлік спортшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа 3:14 есебімен есе жіберген еді.

Ал -92 келі салмақта Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Камиль Куруглиевті 4:0 есебімен жеңді. Спортшымыз жарыс барысында ирандық Амирхоссейн Фирузпурге жол берген болатын. Кейін Фирузпур финалға шығып, алтын медаль ұтып алды. Соның нәтижесінде Азамат жұбаныш белдесулері арқылы қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Осылайша, қазақстандық балуандар халықаралық додада ел қоржынына тағы екі қола жүлде салды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Июл - 11:43 Күрес
Бейбарыс Сұлтан дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
06 Июл - 14:04 Күрес
Қазақстандық балуандар күрестен U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады
26 Июн - 13:45 Күрес
Гусман Кыргызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалына шықты
26 Июн - 10:55 Күрес
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирін жеңіспен бастады
08 Июн - 10:55 Күрес
Қазақстан дзюдошылары Эстониядағы турнирді жүлдесіз аяқтады
06 Июн - 09:15 Күрес
Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
02 Июн - 08:30 Без рубрики KZ Күрес
Елдос Сметов Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турниріне қатысады
01 Июн - 13:45 Күрес
Ризабек Айтмұхан әлемдегі үздік балуан атанды
29 Май - 10:01 Күрес
Қазақстандық дзюдошылардың үш иппоны әлемдегі үздіктер қатарына енді
23 Май - 08:30 Күрес
Ресми: Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді