Михаил Шайдоров Олимпиададан кейін өзінің шыққан тегі туралы пікір білдірді

Михаил Шайдоров

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алғаннан кейін өзінің шыққан тегі мен спорттық жолының басталуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Спортшы оны басқа елдің өкілі ретінде атауды дұрыс емес деп есептейтінін айтты.

2024 жылдың соңында Гран-при кезеңіндегі табысты өнерінен кейін бірқатар басылымдарда оның ресейлік тегі туралы ақпарат тараған. Өткен жылдың қаңтар айында «Sport+» телеарнасындағы «Прямой Разговор» бағдарламасында Михаил мұндай сипаттаманы өзіне деген құрметсіздік ретінде қабылдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол Алматы қаласында дүниеге келген және өмір сүріп келеді, дайындықтың негізгі бөлігін де Қазақстанда өткізеді.

– Мен Алматыда туып-өстім, қазір де осы қалада тұрамын. Уақытымның көп бөлігін Қазақстанда, өзімнің сүйікті қалам Алматыда өткіземін. Алексей Урмановтың қол астында жаттығып жүргеніме өте қуаныштымын, ол маған көп уақыт бөліп, көмектесіп жүр.

Коньки тебуді алғаш рет «Рамстор» сауда орталығындағы мұз айдынында бастадым. Ол кезде Қазақстандағы ең алғашқы мұз айдындарының бірі еді. Сол жерде көп фигуристер, оның ішінде Денис Тен де алғашқы қадамдарын жасаған.

Әрине, біраз уақыт Ресейде оқу-жаттығу жиындарында болып, дайындалдым. Бірақ соңғы кезде белгілі бір қиындықтар туындап, қазір жаттығудың басым бөлігін Алматыда өткізіп жүрмін. Кейбіреулер мені ресейлік спортшы деп айтып жүргенін көрдім. Меніңше, бұл маған деген құрметсіздік, — деді Михаил.

Шайдоров жаттықтырушы Алексей Урмановтың жетекшілігімен жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар спорттық жолын Алматыдағы «Рамстор» сауда-ойын-сауық орталығындағы мұз айдынында бастағанын айтты. Аталған мұз айдынында көптеген қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар, соның ішінде Денис Тен де жаттыға бастаған. Спортшы белгілі бір кезеңде Ресейде оқу-жаттығу жиындарына қатысқанын, алайда соңғы уақытта негізгі дайындықты Алматыда өткізетінін жеткізді.

2026 жылғы Олимпиада ойындарында 21 жастағы Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орында болды. Еркін бағдарламада жоғары нәтиже көрсетіп, екі бағдарлама қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болып, Олимпиада чемпионы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Май - 13:08 Басқа
Спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі
05 Май - 20:07 Басқа
Әсем Орынбай стенд атудан әлем рекордын қайталап, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
04 Май - 16:07 Басқа
Алматыда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталды
01 Май - 11:03 Басқа
Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде жетінші орынға көтерілді
29 Апр - 15:10 Басқа
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола жүлде алды
22 Апр - 09:40 Басқа
Қазақстандық үш каратеші әлемдік рейтингте көш бастады
21 Апр - 15:55 Басқа
Қазақстан семсерлесуден Түркияда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
13 Апр - 10:01 Басқа
Гимнаст Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
12 Апр - 12:30 Басқа
Қазақстан көркем гимнастикадан Ташкенттегі Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды
11 Апр - 16:53 Басқа
Қазақстандық гимнастар Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды