Ресми: Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді

1770295406 1

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.

Ресми рәсімге, сондай-ақ, Азия Олимпиадалық кеңесінің басшылығы, Азия елдері Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері, сонымен қатар, Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиада ойындарына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Миланда болған құрметті қонақтар мен ресми тұлғалар қатысты.

Алматыда спорттық және қалалық инфрақұрылым толық қалыптасқан. Осы фактор қалаға ауқымды қосымша құрылыс жүргізбей-ақ, кешенді халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы мол тәжірибе Ойындарды жоғары деңгейде әрі ұтымды өткізуге негіз болмақ.

1770296308

Азия ойындарының Қазақстанда өтуі ел үшін маңызды оқиға саналады және олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына қосымша серпін береді.

“Азия ойындарын қоса алғанда, ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыру ел үшін стратегиялық маңызы бар. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген жоғары сенімін білдіреді. Сондай-ақ еліміздің осындай деңгейдегі турнирлерді қабылдауға толық дайын екенін көрсетеді.

2029 жылғы қысқы Азия ойындарының Алматыда өтуі қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді. Бұл – біз үшін жинақталған тәжірибеге және қосымша нысандар салуды қажет етпейтін, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған спорттық әрі қалалық инфрақұрылымға сүйене отырып, еліміздің ұйымдастырушылық мүмкіндігін іс жүзінде дәлелдеуге жол ашады.

Қазақстан үшін қысқы Азия ойындарын қайта қабылдау – үлкен мәртебе”, – деді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де ірі мультиспорттық жарыстарды сәтті өткізген. 2011 жылы елде қысқы Азия ойындары ұйымдастырылса, 2017 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті.

Бұған дейін 2029 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына берілген еді. Алайда қабылдаушы тарап инфрақұрылымдық жобалардың ауқымдылығына және жарыстарды дайындауға қойылатын қосымша талаптарға байланысты Ойындардың мерзімін кейінге шегеру қажеттігін мәлімдеген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
05 Фев - 19:31 Басқа
Ресми: Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді
03 Фев - 14:55 Басқа
Қазақстандық шорт-трекші жасөспірімдер арасындағы әлемдік рекорд орнатты
03 Фев - 09:33 Басқа
Алматы 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарының қабылдаушы қаласы болып бекітілді
01 Фев - 08:45 Басқа
Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
28 Янв - 17:52 Басқа
Қазақстандық шаңғышы Александра Скороходова Италияда күміс жүлдеге ие болды
27 Янв - 14:31 Басқа
2026 жылғы Олимпиадаға қанша қазақстандық қатысады және олар қай спорт түрлерінде бақ сынайды
26 Янв - 09:03 Басқа
Конькимен жүгіруден Әлем кубогы: Надежда Морозова жалпы есепте үздік бестікке енді
22 Янв - 15:28 Басқа
Қазақстандық семсерлесушілер Қатарда өтетін Гран-приде бақ сынайды
09 Янв - 16:22 Басқа
2026 жыл – ірі додалар кезеңі: Қазақстан спорты үшін басты жарыстар мен негізгі сынақтар
29 Дек - 16:55 Басқа
Милан-2026 Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан туын кімдер алып шығады