Қазақстан триатлоншылары аралас эстафетада жетінші орын алды

1789957739

Триатлоннан Қазақстан құрамасы Аичи-Нагоеде өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы аралас эстафетаны жетінші орынмен аяқтады. Ұлттық құрама 1 сағат 31 минут 45 секунд нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстан сапында Аян Бейсенбаев, Аида Ким, Диана Ержанова және Егор Крупяков өнер көрсетті. Эстафетаның әр қатысушысы 300 метр жүзу, 6,6 шақырым веложарыс және 2 шақырым жүгіруден өтті. Жарыс Гамагоори қаласында ұйымдастырылды.

Бас жүлдені 1:25:54 нәтижесімен Қытай құрамасы жеңіп алды. Жапония 1:26:45 көрсеткішімен күміс жүлдеге ие болса, Гонконг өкілдері 1:27:25 нәтижесімен үшінші орын алды.

Бұған дейін Арлан Жанабай ерлер арасындағы жеке сында 53:11 нәтижесімен қола медаль жеңіп алған еді. Аичи-Нагоеде өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Окт - 16:27 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловпен кездесті
07 Окт - 15:15 Басқа
Қазақстан шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңдеріне құрамын анықтады
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
26 Сен - 12:05 Басқа
Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарын ірі жеңіспен аяқтады
25 Сен - 13:44 Басқа
Денис Сергиенко Азия ойындарында маунтинбайктен бесінші орын алды
25 Сен - 12:05 Басқа
Ислам Сатпаев Азия ойындарының финалына шықты