Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының P4P рейтингінде үздік төрттікке енді

Жалгас Жумагулов

Фото: OKTAGON

Қазақстандық ММА өкілі Жалғас Жұмағұлов салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын Oktagon лигасының үздік жауынгерлері рейтингінде төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Pound-for-pound тізімі спортшылардың соңғы нәтижелерін, қарсыластар деңгейін және жалпы тұрақтылығын ескере отырып жасалады.

Жалғас Жұмағұлов қазіргі таңда лиганың ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпионы болып саналады. Ол чемпиондық белбеуді маусым айында грузиялық Бено Адамияны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңу арқылы иеленді. Бұл жекпе-жек қазақстандық спортшының «Oktagon» лигасындағы мансабында маңызды кезеңге айналды.

Желтоқсан айының соңында Жұмағұлов титулын алғаш рет қорғап, чехиялық тәжірибелі файтер Давид Дворжакпен кездесті. Чемпиондық жекпе-жек үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Жалғас техникалық нокаут арқылы айқын жеңіске жетті. Бұл нәтиже оның өз салмағындағы ғана емес, жалпы лига рейтингіндегі орнын да айқындай түсті.

Қазіргі P4P рейтингінің көшін ирландиялық Уилл Флёри бастап тұр. Екінші орында түркиялық Керим Енгизек, ал үздік үштікті америкалық Мэллори Мартин түйіндейді. Ал Жалғас Жұмағұловтың төртінші орын алуы оның «Oktagon» лигасындағы ең тұрақты әрі нәтижелі спортшылардың бірі екенін көрсетеді. Алдағы кезеңде қазақстандық чемпион титулын қорғап, рейтингтегі орнын одан әрі нығайтуға ниетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру