Жұман «Арлан» Жұмабеков октагонға оралады

Жуман Жумабеков. Фото: sportplustv.kz
Қазақстандық танымал ММА жауынгері Жұман «Арлан» Жұмабеков 29 қараша күні Алматы қаласында өтетін Naiza 78 турнирінде қайта октагонға шығатынын хабарлады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бірнеше ай үзілістен кейін спортшы кәсіби мансабын жалғастырып, жанкүйерлеріне жаңа жекпе-жектер сыйлауға дайын екенін айтты.
«Мен мансабымды аяқтаған жоқпын. Менде әлі де спортқа, күреске, жеңіске деген аштық бар. Егер дәл қазір тоқтасам, өмір бойы өкінер едім. Ішімдегі от сөнген жоқ. Мен әлі де көрермендерге әдемі әрі мықты жекпе-жектер сыйлай аламын. Сондықтан жүрегім соғып тұрғанша, рингке қайта-қайта шығуға дайынмын. 29 қарашада кездескенше», — деді Жұман.
Еске салайық, 23 тамызда Алматыда өткен Naiza 76 турнирінде Жұман бразилиялық Бруно Роверсоға қарсы «қоштасу жекпе-жегін» өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен болатын. Алайда кездесу аяқталған соң ол мансабын жалғастыратынын мәлімдеп, әлі де күресуге дайын екенін жеткізген.
Қазіргі уақытта Naiza 78 турнирінде Жұманның қарсыласы ресми түрде жарияланған жоқ. Ұйымдастырушылар жекпе-жектер тізімін жақын күндері ұсынатынын хабарлады. Қазақстандық спортшының октагонға оралуы алдағы турнирдің басты оқиғаларының бірі болмақ.
Елена Рыбакина WTA финалындағы жеңістен кейін қазақстандық жанкүйерлеріне үндеу жолдады
Бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
