Эдди Хирн Терренс Кроуфорд пен Джарон Эннис арасындағы жекпе-жекті ұйымдастырғысы келеді

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

Танымал промоутер Эдди Хирн америкалық екі мықты боксшы — Терренс Кроуфорд (42–0, 31 КО) пен Джарон Эннис (35–0, 31 КО) арасындағы жекпе-жекті өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz .

Сауль «Канело» Альваресті жеңіп, екінші орта салмақта абсолют чемпион атанған Кроуфорд әзірге болашағын нақтыламады. Ол мансабын аяқтау немесе орта салмаққа көшу нұсқаларын қарастырып жүр.

Хирннің пікірінше, Эннис дәл қазір Кроуфордқа лайық қарсылас. «Бұл — өз дәуірінің айқасы болар еді. Бірақ алдымен біз мұндай мүмкіндікке лайық екенімізді дәлелдеуіміз керек. Терренс тек үлкен қаржы үшін келіседі, себебі ол Эннистің деңгейін жақсы біледі. Меніңше, бұл кездесу 9–12 ай ішінде өтуі мүмкін», — деді Хирн talkSPORT-қа берген сұхбатында.

IBF ұйымы бұл жекпе-жекті 2023 жылы-ақ өткізуді көздеген, бірақ ол кезде келісім болмағандықтан, Кроуфорд белбеуінен айырылған еді. Қазір 27 жастағы Эннис бірінші орта салмақта дебютке дайындалып жатыр, оның қарсыласы — Уисма Лима. Ал Кроуфорд орта салмаққа көшу нұсқасын қарастырып, онда қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 КО) мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен (24–1–1, 18 КО) кездесуге мүдделі болуы мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады