Маккенна тағы да Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Жанибек Алимханулы

Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

Жеңіліп көрмеген ирландиялық орта салмақ боксшысы Аарон Маккенна (20-0, 10 КО) Қазақстан чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) қайтадан жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол The Ring басылымына берген сұхбатында орта салмақтың беделі төмендеп кеткенін айтты.

«Орта салмақ ұйықтап қалды. Бұрын бұл ең қызықты дивизион еді. GGG мен Канело оның беделін сақтап тұрды, бірақ қазір чемпиондар белбеулерін ғана ұстап отыр. Лара бір жылдан бері рингке шыққан жоқ, Адамес те чемпиондармен жолықпайды. Ал Жәнібек титулдарды біріктіруге ниетті жалғыз чемпион сияқты, бірақ басқаларды білсек, оның болуы екіталай», — деді Маккенна.

Оның айтуынша, командасы Әлімханұлының лагерімен байланысқа шығып, жекпе-жекке жақын болған, бірақ қазақстандық боксшы Адамес және Ларамен біріктіру жекпе-жектерін көздеген. «Мен Жәнібектің есігін қағып жүрмін. Оны тактикалық та, агрессивті де бокспен жеңе аламын деп ойлаймын. Ол үздік чемпион шығар, бірақ менің қарқыным мен техникалық әдістеріме әлі тап болған жоқ», — деді ирландиялық боксшы.

Бұған дейін де Маккенна Жәнібекке ашық шақыру тастаған еді. Сол кезде Әлімханұлы құрметпен жауап беріп, басты мақсаты WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) айқас екенін айтқан болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 14:01 Бокс
Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды
09 Мар - 09:31 Бокс
Әлімханұлы ықтимал біріктіру жекпе-жегіне дайындықты бастады
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді