Қуат Хамитов: «Сұлтанғалиға берілетін сыйақы әділетсіз»

Куат Хамитов

Куат Хамитов

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов Загребте өткен грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалидың сыйақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Айдос 26 жылдан кейін Қазақстанға әлем чемпионатының алтын жүлдесін әкелді. Дегенмен ақпарат бойынша, оның сыйақысы небәрі 10 мың доллар болмақ.

«Адам тарих жасады, оған футболшылардың бір айлық жалақысын беріңдерші, 10 мың доллар деген не?! Бұл — тарих! Әлем чемпиондарына берілетін төлемдер туралы заңды өзгерту керек!» — деп жазды Хамитов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, финалда Султанғали өзбек балуанын ойсырата жеңіп, XXI ғасырдағы Қазақстанның алғашқы алтын медалін еншілетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру