Кроуфорд Канелоны жеңіп, абсолютті чемпион атанды

Теренс Кроуфорд

Фото: TKO Worldwide LLC via Getty Images

АҚШ боксшысы Теренс Кроуфорд Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Сауль «Канело» Альваресті жеңіп, суперорта салмақтағы барлық негізгі белбеулерді иеленді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл айқас тарихтың бөлігіне айналды. Рингке WBA, WBC, IBF, WBO және The Ring тұжырымдарының атақтары тігілгенімен, дода тек чемпиондық үшін емес, мұра үшін өткен тартыс ретінде бағалануда. Флойд Мейвезер спорттан кеткеннен кейін Канело ұзақ уақыт бойы әлем боксының басты тұлғасы атанып келген еді.

Кроуфорд кәсіпқой мансабында әлі жеңіліп көрген жоқ: 43 рет жеңіске жетіп, оның 31-ін нокаутпен аяқтаған. Ал Альварес үшін бұл үшінші жеңіліс болды (63-3-2, 39 KO). Бұған дейін ол 2013 жылы Мейвезерден, 2022 жылы Дмитрий Биволдан ұтылып, екі кездесуін тең нәтижемен аяқтаған.

Осылайша, Кроуфорд заманауи бокс тарихында үш түрлі салмақта абсолютті чемпиондық мәртебеге қол жеткізген тұңғыш спортшы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
26 Авг - 13:45 Бокс
Шираз Алимханұлына қарсы міндетті жекпе-жек алдында WBO белбеуінен бас тартуы мүмкін
24 Авг - 16:22 Бокс
Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокста титул үшін жекпе-жекпен дебют жасайды
04 Авг - 17:55 Бокс
Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды
02 Авг - 15:20 Бокс
Рэймонд Мураталья IBF чемпионы атағын сәтті қорғады
02 Авг - 11:02 Бокс
Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионына қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді
26 Июл - 00:57 Бокс
Энтони Джошуа екі нокдауннан кейін камбэк жасап, мерейтойлық жеңісіне жетті
22 Июл - 12:19 Бокс
Дмитрий Биволдың келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды
21 Июл - 17:55 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта «Канелоға» үндеу жасады
18 Июл - 09:57 Бокс
Евгений Павлов АҚШ-тағы титулдық жекпе-жек алдында көз арбасты
15 Июл - 17:55 Бокс
Кұралай Егінбайқызы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды