Журова Нидерландының ресейлік гимнасткаларға виза бермеуін сынға алды

6a7abdc81bb5d

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты, конькимен жүгіруден Олимпиада чемпионы Светлана Журова Нидерландыда өтетін әлем чемпионатына ресейлік жетекші гимнасткаларға виза берілмеуін жосықсыз бәсекелестік деп бағалады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның пікірінше, бұл жағдайды спорттық себептермен ғана түсіндіру қиын.

Әңгіме Роттердамда өтетін әлем чемпионатына қатысуы тиіс спортшылар туралы болып отыр. Ресей спорттық гимнастика құрамасының бұрынғы аға жаттықтырушысы Валентина Родионенко Ангелина Мельникова, Виктория Листунова және Анна Калмыкова жарысқа бару үшін қажетті визаларды ала алмағанын мәлімдеді. Әлем чемпионаты 17-25 қазан аралығында өтеді. Бұл дода 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады.

«Это никакая не политика, а просто недобросовестная конкуренция. И что бы они ни говорили, как бы ни пытались нас убедить в обратном, других слов нет — полный беспредел», – деді Журова.

Ресей Гимнастика федерациясы визадан бас тартудың ресми себебі ретінде «халықаралық қатынастарға қауіп» көрсетілгенін хабарлады. Осыған байланысты Ресей Олимпиада комитеті Халықаралық олимпиада комитетіне және World Gymnastics ұйымына жүгінуді жоспарлап отыр. Ресей тарапы Роттердамдағы әлем чемпионатының Олимпиада-2028 ойындарына іріктеу мәртебесін қайта қарауды талап етпек. Осылайша, ресейлік гимнасткалардың жарысқа қатысу мәселесі халықаралық спорт ұйымдарының талқылауына шығарылуы мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды