«Жетісу» мен «Атырау» есеп аша алмады

Жетысу Окжетпес

Фото: Окжетпес

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында Талдықорғанда өткен матчта «Жетісу» мен «Атырау» бір-бірінің қақпасынан гол соға алмай, кездесу 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қос команда да ойын барысында кезек-кезек басымдық танытып, бірнеше мүмкіндік жасады. Алайда қақпашылардың сенімді ойыны мен шабуылшылардың соңғы соққыдағы дәлсіздігі есептің ашылуына жол бермеді.

Бұл нәтижеден кейін «Жетісу» 20 ұпайға жетіп, турнир кестесінде 10-орында тұр. Ал 11 ұпайы бар «Атырау» соңғы орыннан шыға алмай, Премьер-лигада қалу үшін күресін жалғастырып келеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру