«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында тұңғыш рет топ жарды

Жетысу

Жетысу. Фото: ABS-CBN

Талдықорғандық «Жетісу» әйелдер волейбол клубы Азия чемпиондар лигасында алғаш рет жеңімпаз атанды. Финалда команда Вьетнамның «Бинь Дьен Лонг Ан» клубын 3:1 есебімен (25:14, 20:25, 25:23, 25:18) жеңді.

Бұл «Жетісу» клубының тарихындағы Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы алтын медалі. Бұған дейін команда 2010 және 2013 жылдары финалға шыққанымен, тайландтық және қытайлық қарсыластарына есе жіберген болатын.

Сондай-ақ, «Жетісу» 2011 және 2014 жылдары Азия чемпиондар лигасының қола жүлдегері атанған. Ал осы жолғы жетістік клуб тарихындағы ең ірі жеңістердің бірі саналады.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру