Жамиля Бақбергенова рейтингте алғашқы орнын сақтап қалды

Жамиля Бакбергенова

Жамиля Бакбергенова. Фото: Getty Images

Әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасында Жамиля Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта көш басында қалды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Бұл тізімді Халықаралық күрес федерациясы ресми сайтында жариялады.

Қазақ спортшысының еншісінде 51 мың ұпай бар. Екінші орында тұрған жапониялық Ами Иши 45 мың ұпай жинаған. Үздік үштікті 34 700 ұпаймен моңғол балуаны Болортунгалаг Зоригт түйіндеп отыр.

Жамиля – әйелдер құрамасының көшбасшысы және Азияның төрт дүркін чемпионы. Соңғы алтын медалін ол 2025 жылы Амманда өткен құрлықтық жарыста жеңіп алды.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру