Жамиля Бақбергенова Азияның төрт дүркін чемпионы атанды

Жамиля Бакбергенова

Жамиля Бакбергенова

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында Жамиля Бақбергенова алтын жүлдеге ие болды. Ол 72 келі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Финалда отандасымыз Қытай балуаны Юци Люмен белдесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу өте тартысты өтті, алайда шешуші сәттерде Жамиля басымдығын көрсете білді.

Бұл – Бақбергенованың мансабындағы төртінші құрлықтық чемпионы атағы. Ол тағы да өзінің Азиядағы ең мықты балуандардың бірі екенін дәлелдеді.

Қазақстан әйелдер құрамасы бұл жарысты екі медальмен аяқтады. Бұған дейін 53 келіде Зейнеп Баянова қола жүлде еншілеген еді. Ертең, 29 наурыз күні, еркін күрес шеберлері бозкілемге шығады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 23:26 Күрес
Әділет Алмат Линцтегі дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
06 Мар - 21:25 Күрес
Шерзод Давлатов – Аустриядағы Гран-придің қола жүлдегері
05 Мар - 08:13 Күрес
Дзюдодан Австриядағы Гран-при: Әбиба Әбужақынованың татамиге оралуы
02 Мар - 20:34 Күрес
Төрт алтын: қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде қанша медаль жеңіп алды
01 Мар - 08:44 Күрес
Мейіржан Шермаханбет Тиранадағы Muhamet Malo турнирінде алтын медаль иеленді
27 Фев - 09:00 Күрес
Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова күрестен Албаниядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
26 Фев - 21:45 Күрес
Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль иеленді
26 Фев - 08:28 Күрес
Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
17 Фев - 15:11 Күрес
Күрестен Албанияда өтетін турнирге қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
17 Фев - 13:29 Күрес
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады