Жәнібек пен Төрехан таразыдан сүрінбей өтті – Астанадағы үлкен айқасқа бәрі дайын

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулыж. Фото: Getty Images

Астанада кәсіпқой бокс кешінің алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл шоу – елдегі жанкүйерлер көптен күткен айтулы оқиғалардың бірі. Бас боксшылар – орта салмақтағы WBO мен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген француз Анауэль Нгамиссенге салмақ лимитінен асқан жоқ. Жәнібектің салмағы – 72,35 келі, ал қарсыласы – 72,05 келі.

Кештегі барлық жекпе-жектердің құрамы да ресми түрде бекітілді. Басты айқастар қатарында Сұлтан Заурбек, Батыр Жүкембаев пен Балауса Мұздыман жұдырықтасады. Сонымен қатар, кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жектеріне шығатын Махмұд пен Төрехан Сабырхан да назарда. Айта кету керек, Махмұдтың қарсыласы өзгеріп, енді ол Вьетнамдық Данг Дак Хайнхпен қолғап түйістіреді.

Барлық қатысушы боксшылар өз салмақ дәрежесінің талаптарына толық сай болды. Бұл кеште Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Франция, Оңтүстік Африка, Украина, Филиппин, Чехия, Вьетнам және Үндістаннан келген спортшылар өнер көрсетеді. Рингке шығатындар қатарында әлем чемпиондары да, кәсіби рингтегі алғашқы қадамдарын жасайтын жас таланттар да бар.

Астанадағы басты бокс кеші 5 сәуір күні «Барыс Аренада» өтеді. Жекпе-жектердің басталуы – Астана уақытымен сағат 20:00-де.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады