Жәнібек Әлімханұлы жаңа бапкермен дайындалып жатыр

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні Астанада өтетін жекпе-жекке қызу дайындық жүргізуде. Оның қарсыласы – Франциядан келген Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) есімді жеңіліп көрмеген боксшы.

Бұл жекпе-жек алдында Жәнібек бапкер ауыстыруға шешім қабылдады. Бұған дейін Брайан Вилория мен Бадди Макгирттің қарамағында жаттыққан ол енді Марко Контрерастың қол астында дайындалуда.

«5 сәуірге мықты дайындалып жатырмын. Бапкерді ауыстырған себебім – мексикалық стильді үйреніп көру. Бокста бір орында тұруға болмайды, егер тоқтап қалсаң – жеңілесің», – деді Жәнібек.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Жәнібектің 2017 жылдан бері Қазақстанда өткізетін алғашқы айқасы болмақ. Ол бұған дейін елде екі рет ғана кәсіпқой рингке шығып, алғашқы жекпе-жектерін Алматы мен Астанада өткізген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады