Жәнібек Әлімханұлы Ларамен белбеулерді біріктіру жекпе-жегін өткізуі мүмкін

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Getty Images

IBF және WBO белбеулерінің иегері, жеңіліссіз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Лараға қарсы біріктіру айқасын өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz BoxingScene басылымына сілтеме жасап.

Үш белбеу сарапқа салынатын кездесу желтоқсан айында өтетін Premier Boxing Champions (PBC) турнирінде ұйымдастырылмақ. Бұл кештің басты жекпе-жегі Айзек «Питбуль» Крус пен Ламонт Роуч арасындағы айқас болады.

Бұған дейін Жәнібектің қарсыласы WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Екеуі бір жылдан аса уақыт әлеуметтік желілерде бір-біріне сес көрсетіп келгенімен, келіссөздер нәтиже бермеді. Қазір Адамес қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы міндетті титул қорғауына дайындалып жатыр.

Әлімханұлы соңғы рет 5 сәуірде Астанада рингке шығып, француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа жіберген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді