Забит Магомедшарипов RAF күрес лигасымен келісімшартқа отырды

images 1 1

UFC-тің бұрынғы жауынгері Забит Магомедшарипов америкалық Real American Freestyle (RAF) күрес лигасымен төрт белдесуге арналған келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл ақпаратты 35 жастағы ресейлік спортшының менеджері Али Абдель-Азиз растады. Магомедшарипов RAF ұйымындағы алғашқы белдесуін 14 қарашада Абу-Дабиде өтетін турнирде өткізеді. Оның қарсыласы UFC-тің бұрынғы жауынгері Гига Чикадзе болады.

Тамыз айында Магомедшарипов жеті жылға жуық уақыттан кейін алғаш рет ресми жарысқа қатысты. Стамбұлда өткен ACBJJ 22 турнирінде ол джиу-джитсу ережесі бойынша Юссеф Залалмен белдесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Магомедшариповтың ММА-дегі соңғы жекпе-жегі 2019 жылдың қарашасында өтті. Ол кезде ресейлік спортшы Кэлвин Каттарды төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Магомедшарипов аралас жекпе-жектегі мансабын 18-1 көрсеткішімен аяқтап, UFC ұйымында өткізген алты жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру