Юлия Путинцева Торонтодағы WTA 1000 турнирін аяқтады
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Бірінші айналымда әлемнің 81-ракеткасы қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. WTA рейтингінде 57-орында тұрған қарсыласына қазақстандық теннисші екі сетте есе жіберді – 4:6, 1:6. Матч 1 сағат 12 минутқа созылды.
Турнирдің алғашқы айналымына қатысқаны үшін Путинцева 18 420 АҚШ доллары көлемінде жүлде қаржысы мен 10 рейтингтік ұпай еншіледі.
Торонтодағы турнирдің жалпы жүлде қоры 7 433 076 АҚШ долларын құрайды. Жарыс жеңімпазы 1 085 220 АҚШ долларын және 1000 рейтингтік ұпай алады.



