Юлия Путинцева

Юлия Путинцева,

Фото: НОК РК

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Чарльстонда өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің үшінші кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол екінші айналымда жеңіліс тапты.

Екінші кезеңде әлемдік рейтингте 72-орында тұрған Путинцева америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Қазақстандық теннисші алғашқы сетті 6:4 есебімен жеңгенімен, кейінгі екі партияда 4:6, 5:7 есебімен жол берді.

Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, барлығында да жеңіс америкалық спортшыға бұйырған болатын. Бұл жолы да Пегула жеке кездесулердегі басымдығын сақтап қалды.

Келесі кезеңде Джессика Пегула италиялық теннисші Элизабетта Кочареттомен ойнайды. Турнир 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтуде.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру