Усман Дембеле – 2025 жылғы «Алтын доптың» иегері

Усман Дембеле, ПСЖ

Усман Дембеле. Фото: Getty Images

«Пари Сен-Жермен» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле 2025 жылғы «Алтын допқа» қол жеткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қорытынды дауыс беруде ол «Барселона» вингері Ламин Ямалды басып озды. Бұл Дембеленің мансабындағы алғашқы «Алтын добы» болды.

2025 жылғы маусымда француз ойыншысы ПСЖ-мен бірге тарихи жетістікке жетті: команда Чемпиондар лигасын, Лига 1-ді, Франция кубогын жеңіп алып, Клубтық әлем чемпионатының финалына дейін барды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру