WBC Адамеске Нурсұлтановпен жекпе-жекте титулын қорғауды міндеттеді

Мейирим Нурсултанов. Фото: MeiirimNursultanov/Instagram
Дүниежүзілік бокс кеңесі орта салмақтағы чемпиондар мен міндетті қарсыластарға қатысты жаңа шешім шығарды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.
Ұйымның мәлімдеуінше, доминикандық Карлос Адамес келесі кездесуін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы өткізуі тиіс. Алайда айқастың нақты уақыты мен орны әзірге белгісіз.
Сондай-ақ қыркүйек айында орта салмақтағы «күміс» чемпион анықталады. Бұл белдік үшін француз Билал Жкиту мен үндістандық Тедж Пратап жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін Карлос Адамес өзін тек WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен болатын біріктіру жекпе-жегі ғана қызықтыратынын айтқанНурсұлтанов Адамеспен жұдырықтасады.