Воскобоева төрт жылдан кейін қайта кортқа оралады

Галина Воскобоева

Фото: КТФ

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева кәсіби мансабын қайта жалғастырып, АҚШ-тың астанасы Вашингтонда өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

40 жастағы спортшы осы жарысқа жұптық санат бойынша тіркелді. Ол ресейлік Камила Рахимовамен бірге өнер көрсетеді. Турнир дүйсенбі күні басталады. Сонымен қатар, Воскобоева US Open басталғанға дейін АҚШ-тағы бірнеше жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.

Галина спорттық жолында WTA рейтингінің 42-сатысына дейін көтерілген. Ал жұптық сында ең жоғары жетістігі – 26-орын. Ол Australian Open мен «Ролан Гаррос» турнирлерінде екі реттен ширек финалға жеткен. Қазақстан құрамасы сапында 32 кездесу өткізген.

Воскобоева WTA турындағы соңғы ресми матчына 2021 жылы қатысқан. Енді оның кортқа оралуы америкалық жарыстар сериясының жарқын сәттерінің біріне айналуы мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 16:20 Теннис
Рыбакина WTA турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша көш бастады
08 Мар - 14:42 Теннис
Бублик Индиан-Уэллстегі «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына өтті
08 Мар - 09:00 Теннис
Рыбакина Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары
28 Фев - 12:00 Теннис
Леонардо Абоян келісілген матчтар үшін ұзақ мерзімге шеттетілді
25 Фев - 21:32 Теннис
Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турниріндегі жарысын аяқтады