Ұлттық құраманың ойыншысы 5 матчқа алаңнан шеттетілді

Альберт Акбаликов

Альберт Акбаликов Фото: КФФ

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 30-туры аясында өткен «Ақтөбе» мен «Атырау» арасындағы матч оқыс жағдаймен есте қалды. «Ақтөбе» командасының ойыншысы Альберт Акбаликов матч кезінде ресми тұлғаға балағат сөз айтып, тәртіптік жазаға тартылды.

Ойын ережесін өрескел бұзғаны үшін ҚФФ тәртіп комитеті Альберт Акбаликовты бес матчқа алаңға шығу құқығынан айырды. Бұл шешім 2025 жылдың 17 наурызынан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Альберт Акбаликов – Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп жүрген футзалшы. Оның ойыннан шеттетілуі клуб үшін ғана емес, ұлттық құрама үшін де үлкен шығын болмақ.

ҚФФ тәртіптік ережесінің 45-бабы 1-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес, мұндай әрекетке қатаң жаза қолданылады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді