Үлкен дулығадағы үздік нәтиже: қазақ дзюдошылары тоғыз медаль жеңіп алды

Qazaqstan Barysy Grand Slam

Qazaqstan Barysy Grand Slam. Фото: kazsports.kz

Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 халықаралық турнирі аяқталды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен жарысқа 44 елден 358 балуан қатысып, 14 салмақта күш сынасты.

Қазақстан құрамасы 3 күміс пен 6 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте тоғызыншы орынға тұрақтады. Бұл — еліміздің Grand Slam жарыстарындағы ең үздік көрсеткіші. Күміс медальдар Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) пен Талғат Орынбасардың (-60 кг) еншісінде.

Ал Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан (екеуі де –60 кг), Абылайхан Жұбаназар (–81 кг), Есет Қуанов (–73 кг), Бақжан Байтас пен Марат Байқамұров (екеуі де –100 кг) қола жүлдегер атанды.

Медаль кестесінде 3 алтын, 2 күміспен IJF құрамасы көш бастаса, Оңтүстік Корея құрамасы (3 алтын) екінші, Жапония (2 алтын, 4 күміс, 1 қола) үшінші орыннан көрінді. Бұл турнир дзюдошылар үшін әлем чемпионаты алдындағы соңғы Grand Slam кезеңі саналады. Жарыс жеңімпаздары IJF ережесіне сәйкес рейтингтік ұпайларға ие болды. Қазақстан бұл доданы 2026 жылға дейін қабылдайды.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 23:26 Күрес
Әділет Алмат Линцтегі дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
06 Мар - 21:25 Күрес
Шерзод Давлатов – Аустриядағы Гран-придің қола жүлдегері
05 Мар - 08:13 Күрес
Дзюдодан Австриядағы Гран-при: Әбиба Әбужақынованың татамиге оралуы
02 Мар - 20:34 Күрес
Төрт алтын: қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде қанша медаль жеңіп алды
01 Мар - 08:44 Күрес
Мейіржан Шермаханбет Тиранадағы Muhamet Malo турнирінде алтын медаль иеленді
27 Фев - 09:00 Күрес
Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова күрестен Албаниядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
26 Фев - 21:45 Күрес
Азамат Дәулетбеков пен Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль иеленді
26 Фев - 08:28 Күрес
Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
17 Фев - 15:11 Күрес
Күрестен Албанияда өтетін турнирге қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
17 Фев - 13:29 Күрес
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады