Тимур Серікұлы Naiza лигасында чемпион атанды

Фото: Naiza
Семей қаласында өткен Naiza 74 турнирінде жеңіл салмақта титулдық кездесу өтті, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.
Қазақстандықтар Тимур Серікұлы мен Тамирлан Саралапов арасындағы жекпе-жек толық бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен Серікұлының жеңісімен аяқталды.
Бұл жеңіс Тимур үшін кәсіби мансабындағы алтыншы болды. Ал осыған дейін жеңілмеген Саралапов алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Сол кеште ирандық Мохаммад Хейбати қазақстандық Санжар Тажиевті нокаутқа түсірді. Ал жеңіл салмақтағы чемпион Дастан Амангелді өзбекстандық Хусанбой Исохожаевты екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, белбеуін қорғап қалды.