Тимофей Скатов Уимблдон-2026 іріктеуінің финалына шықты

Тимофей Скатов

Тимофей Скатов. Фото: Пресс-служба ФТК

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы үшінші ракеткасы Тимофей Скатов Уимблдон-2026 турнирінің іріктеу кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Әлемдік рейтингте 178-орында тұрған қазақстандық теннисші іріктеудің екінші айналымында әлемнің 185-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Скатовтың 6:4, 6:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 10 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы үш эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Тимофей Скатов Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды. Шешуші матчтағы қарсыласы италиялық Андреа Гуэрриери мен франциялық Кириан Жаке арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

Скатов – Уимблдон-2026 іріктеу турниріндегі Қазақстанның жалғыз өкілі. Ал ерлер арасындағы негізгі жарыс кестесіне Александр Бублик пен Александр Шевченко тікелей жолдама алған.

Соңғы жаңалықтар
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
12 Окт - 09:15 Теннис
Анна Данилина жұптық сындағы WTA рейтингінде жетінші орынға түсті
12 Окт - 08:38 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтады, Мирра Андреева үздік үштікке енді
11 Окт - 18:14 Теннис
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты
11 Окт - 13:24 Теннис
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің негізгі кезеңіне шықты
09 Окт - 08:30 Теннис
Елена Рыбакина бастаған 11 теннисші Ухань турниріне қатыспайды
08 Окт - 13:45 Теннис
Мирра Андрееваны Пекиндегі матчта фаворит деп атады
08 Окт - 09:45 Теннис
Sports Illustrated Елена Рыбакинаның жағдайына қатысты сұрақ көтерді
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты