Синнер US Open финалына жолдама алды

Янник Синнер

Фото: ATP

Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер канадалық Феликс Оже-Альяссиммен (ATP рейтингінде – 27) кездесті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Үш сағат 20 минутқа созылған тартысты матчта Синнер 6:1, 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол турнирдің финалына шықты.

Шешуші ойында итальяндық теннисші әлемнің екінші ракеткасы Карлос Алькарасқа қарсы ойнайды. Бұл финал теннис жанкүйерлері үшін ерекше қызық болмақ.

Айта кетейік, ерлер арасындағы US Open-2025 жарысы Нью-Йоркте 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтуде.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру