Шыңғыс Есенаманов Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Сборная Казахстана по футзалу

Сборная Казахстана по футзалу. Фого: FIFA via Getty Images

Қазақстан футзалының аңыз ойыншысы, «Семей» клубының және ұлттық құраманың шабуылшысы, 36 жастағы Шыңғыс Есенаманов маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Pin-up sport.kz.

23 қыркүйек 2025 жылы Қазақстан құрамасы Италиядан жеңіліп, Еуро-2026 турниріне жолдама ала алмады.

«Өте ауыр матч болды, өкінішке қарай, жеңіліп қалдық. Әсіресе өз жанкүйерлеріміздің алдында мұндайды бастан кешіру қиын екен. Бұлай көптен бері ұтылмаған шығармыз. Бұл спорт қой: біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Сәттілік бізден теріс айналды. Мен 16 жыл бойы ұлттық құрамада ойнадым, 20 жасымда алғаш шақырылдым. Әрине, оңай емес… Бірақ балалармен бірге ойнаған сәттер ерекше болды. Бұл – спорт, бұл – өмір. Көп жарақат алдым, соған қарамастан, әрдайым өзімді дәлелдеп келдім», – деді Шыңғыс Есенаманов Италиямен өткен ойыннан кейінгі сұхбатында.

Ол сонымен қатар құрамада жаңа буын өсіп келе жатқанын айтты. Ал өзі алдағы уақытта «Семей» клубында өнерін жалғастыратынын жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Янв - 08:06 Футбол
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды
29 Янв - 20:58 Футбол
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік үш ойыншының қатарына енді
29 Янв - 15:03 Футбол
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінен кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 37-орынға түсті
29 Янв - 11:56 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы дебютін аяқтап, рекордтық табысқа қол жеткізді
29 Янв - 08:52 Футбол
Боранбаев «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымын қорытындылады
29 Янв - 03:47 Футбол
«Қайрат» Лондонда «Арсеналға» есе жіберіп, Чемпиондар лигасындағы өнерін аяқтады
28 Янв - 19:11 Футбол
Усман Дембеле Сауд Арабия чемпионатына ауысуы мүмкін
28 Янв - 18:19 Футбол
Талғат Байсуфинов – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері
28 Янв - 12:20 Футбол
«Қайсар» «Челсидің» бұрынғы қорғаушысымен келіссөздер жүргізіп жатыр
27 Янв - 10:20 Футбол
Виктор Мозестің «Қайсармен» келісімшартының шарттары белгілі болды