«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді

1794e5c81ccfa7882277e385c318e1e2

Латвияның «Рига» клубының қорғаушысы Максим Тонишев алматылық «Қайратқа» қарсы өткен Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчтың нәтижесін бағалады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Тонишевтің айтуынша, «Рига» ойын барысында допқа көбірек иелік етіп, шабуылды дамытуға мүмкіндік беретін бос аймақтарды тиімді пайдаланған. Алайда үзілістен кейін латвиялық команда өз ойынын өзгертіп, бұл шешім алаңдағы әрекеттердің сапасына әсер еткен. Соған қарамастан қорғаушы «Риганың» жеңіске жететін мүмкіндігі болғанын атап өтті.

«Мы больше контролировали мяч, переводили его с фланга на фланг, и появлялись свободные зоны. Во втором тайме начали играть немного иначе, не знаю почему. Хотели сразу отдавать мяч на фланг и развивать атаку там. Думаю, то, что мы показали во втором тайме, было не очень хорошо, но всё равно у нас были моменты и мы могли победить», – деді Тонишев.

Матчтағы алғашқы голды «Қайрат» соқты. 5-минутта Марк Гуаль пенальтиді дәл орындап, алматылықтарды алға шығарды. Алайда араға жеті минут салып Салах Улад Тонишевтің пасынан кейін есепті теңестірді. Кейін «Рига» тағы да алға шығуға мүмкіндік алды, бірақ Мохамед Бадамосидің пенальтиін «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков қайтарып, командасын құтқарып қалды. Осылайша, кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр
13 Окт - 12:05 Футбол
«Ливерпуль» 47 миллион еуроға Алиссонға ықтимал ізбасар тапты