Шотландиялық клуб Ғалымжан Кенжебекті бақылауда ұстап отыр

Галымжан Кенжебек

Галымжан Кенжебек

Шотландияның бір клубы «Елимай» мен Қазақстан құрамасының 22 жастағы жартылай шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің ойынын жіті қадағалап жүр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

BorodAbata.kz мәліметінше, Еуропада «Қайрат» түлегінің жетістігіне баға берілуде, әрі бұл тізімде өзге де қазақстандық футболшылар бар.

Клуб өкілі қазақстандық футболдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Ғалымжаннан бөлек елдің басқа ойыншыларына да назар аударып отырғанын жеткізді.

Жазда Ғалымжан Словакияның «Кошице» клубынан «Елимайға» ауысты. Жаңа командасында бес матч өткізіп, төрт гол соқты. Агенті Мамука Ломидзенің айтуынша, маусым соңында ол тағы да клуб ауыстыруы мүмкін.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру