Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны белгілі болды

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов

Dar Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Шавкат Рахмоновтың (19-0) октагонға шамамен қашан оралатынын айтып, не үшін Белал Мұхаммедпен (24-3) жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болғанын түсіндірді.

— Бұл жарақат Гэрримен болған жекпе-жекте пайда болған. Жақында жазылады деп үміттенгенбіз, бірақ емделу процесі біраз уақытқа созылып кетті. Қазір Шавкаттың жағдайын дұрыстау керек. Әрине, бұл уақытқа дейін аяғын қалпына келтіруге үлгеретін едік, бірақ алда Рамазан бар — сол кезде толыққанды жаттығу жасау қиын болады.

Біз тәуекелге барғымыз келмейді. Ең бастысы — Шавкаттың денсаулығын толықтай қалпына келтіру. Содан кейін асықпай, титулға таласқа дайындаламыз. Октагонға шамамен қашан оралады дейсіз бе? Есептеуім бойынша, жаздың соңы. Әзірше бәрі солай көрініп тұр. Көреміз, — деді Базров «Вестник ММА» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, бастапқыда Рахмоновтың UFC турнирінде мамыр айында Белал Мұхаммедпен кездесуі жоспарланған еді. Алайда жарақатына байланысты қазақстандық спортшы жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Кейін ұйымдастырушылар 36 жастағы Мұхаммедтің қарсыласы Джек Делла Маддалена болатынын хабарлады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
11 Дек - 23:11 Бокс
Қазақстан боксшысы әлем чемпионатының финалына шықты
11 Дек - 18:00 Бокс
Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының финалына жолдама алды
09 Дек - 18:00 Бокс
Бибосынов Дубайдағы IBA әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алды
09 Дек - 14:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер наурызда жекпе-жек өткізуге келісті
08 Дек - 10:21 Бокс
Қазақстандық боксшылар Дубайдағы әлем чемпионатының төртінші күнінде толық жеңіске жетті
06 Дек - 18:35 Бокс
«Қазақ Титаны» қайта жарылды: Бангкокте алғашқы раундта нокаут
05 Дек - 19:39 Бокс
Қазақстан кәсіби бокс федерациясы VADA-дан Жәнібек Әлімханұлына қатысты толық құжаттарды талап етті
05 Дек - 17:24 Бокс
2023 жылғы әлем чемпионатының финалисі Дулат Бекбауов екі жылға жарыстардан шеттетілді
05 Дек - 15:37 Бокс
Кроуфорд Канеломен реваншқа шығудың өз шарттарын атады
05 Дек - 12:30 Бокс
Тарихта қалды: Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді