Шавкат пен Белал жекпе-жегі қазан айына белгіленді

Белал Мухаммад и Шавкат Рахмонов

Фото: Zuffa LLC

UFC комментаторының бірі Джон Аник қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (19-0) келесі қарсыласын атады. Оның айтуынша, Рахмонов қазан айында октагонға оралып, америкалық палестин текті Белал Мұхаммадпен (24-4) жекпе-жек өткізеді.

Бұған дейін бұл екеуі 2024 жылдың желтоқсанында чемпиондық белбеу үшін кездесуі тиіс болған. Алайда Белал аяқ жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан. Оның орнына шыққан ирландиялық Иэн Гэрри (16-1) Шавкатқа төрешілер шешімімен есе жіберген еді.

Кейін бұл кездесу 2025 жылдың мамырына шегерілген. Бірақ бұл жолы жарақат алып қалған Шавкат октагонға шыға алмады. Оның орнына шыққан австралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) Белалды жеңіп, UFC чемпионы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру