Самородов – РПЛ-дегі ең жылдам ойыншылар қатарында

Максим Самородов

Максим Самородов. Фото: ФК Ахмат

Қазақстан құрамасының және Грозныйдың «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасындағы ең жылдам ойыншылар тізімінде екінші орын алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның көрсеткіші – сағатына 33,23 шақырым. Бірінші орында командаласы Лечи Садулаев (33,26 км/сағ), ал үшінші сатыда «Рубин» ойыншысы Дардай Шабаханджай (33,19 км/сағ).

Айта кетейік, осы маусымнан бастап «Ахмат» тізгінін Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов ұстауда.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру