Самородов «Ахматтың» ең қымбат ойыншысы атанды

Максим Самородов

Максим Самородов. Фото: samorodov_10_

CIES Football Observatory халықаралық спорттық зерттеу орталығы Ресей Премьер-лигасы клубтарының ең қымбат футболшылар тізімін жариялады. «Ахмат» сапында бұл мәртебе Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовқа бұйырды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Футболшының құны 3,9–4,5 миллион еуро аралығында бағаланған. Ал Transfermarkt дерегінше, оның бағасы төменірек — 2,5 миллион еуро.

Өткен маусымда Самородов грозныйлық клуб үшін 32 матчқа шығып, 8 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Жаңа маусымда әзірге 6 ойын өткізіп, нәтижелі әрекет көрсете алмады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру