Сабина Алтынбекова Қазақстан чемпионатына қайта оралды

Фото: All Sports Media
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова ұлттық біріншілікке қайта оралды. Ол жаңа клубы – «Астана» сапында дебютін өткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Алғашқы ойында Сабина командасына Маңғыстаудан келген қарсыластарын 3:1 есебімен ұтуға көмектесті. Спортшы әлеуметтік желіде осы матчтағы суретін жариялап, оған «Бисмиллях. S-20» деп жазды.
Жанкүйерлер үшін бұл жаңалық ерекше қуанышты болды: Алтынбекова соңғы рет ел ішінде 2019 жылы «Алматы» клубының намысын қорғаған еді. Кейін ол Жапония, БАӘ, Индонезия және өзге де елдерде ойнады. Алты жылдан соң Сабина қыркүйек айында «Астанамен» келісімшартқа қол қойып, туған жеріне оралды.