Де Брюйне Қазақстанға қарсы ойынды қорытындылады

Де Брюйне

Фото: Goal.com

Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Қазақстаннан 6:0 есебімен басым түскен матчтан кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол кездесуде екі таймда да бір-бір гол соғып, дубль авторы атанды.

«Бастапқы минуттардан-ақ біз жоғары прессинг көрсетіп, алаңда үстемдік еттік. Үзіліске дейінгі жылдам голдар басымдығымызды нығайтты. Екінші таймда да жоғары қарқында ойнадық. Әрине, әлі де жетілдіру керек тұстар бар, бірақ бүгін сын айтар себеп көріп тұрған жоқпын», — деп келтіреді Де Брюйненің сөзін бельгиялық БАҚ.

Бұл ойында Жереми Докудың да дубль жасағанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ Николас Раскин мен Тома Менье бір-бір голдан соқты.

Аталған жеңістен кейін Бельгия құрамасы J тобында 10 ұпаймен екінші орынға орнықты. Қазақстан үш ұпаймен төртінші орында қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Окт - 18:28 Футбол
Қазақстан мен Фарер аралдары матчқа негізгі құрамдарын жариялады
06 Окт - 17:26 Футбол
Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады
06 Окт - 17:00 Футбол
Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы Еуро U-19 іріктеу матчтарына тағайындалды
06 Окт - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду Жорже Жезуш Португалия құрамасының бас бапкері болған кезде ұлттық құрамаға оралмайды
06 Окт - 15:06 Футбол
Этан Мбаппе «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін
06 Окт - 10:45 Футбол
Иван Башич Босния және Герцеговина құрамасына жеңіс әкелді
06 Окт - 09:15 Футбол
Венгрия Украина құрамасын жеңіп, Ұлттар лигасындағы топта екінші орынға көтерілді
06 Окт - 08:30 Футбол
Италия Түркияны жеңіп, Ұлттар лигасында екінші орынға көтерілді
05 Окт - 18:02 Футбол
Наурызбек Жагоров: «Фарер аралдарына қарсы матчқа толық дайынбыз»
05 Окт - 17:25 Футбол
Джон ван ’т Схип: «Бізге жеңіс керек, сондықтан шабуылда мүмкіндік іздеуіміз қажет»