Сабина Алтынбекова мансабын аяқтау туралы айтты

Сабина Алтынбекова

Фото: All Sports Media

Қазақстанның танымал волейболшысы Сабина Алтынбекова болашағына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол Instagram желісіндегі сторисінде ұзақ ойнауды жоспарламайтынын айтты. «Ұзақ емес. Уақтылы кету керек деп есептеймін. Басқа бағытта дамып, жас буынға жол беру маңызды», – деп жазды Алтынбекова.

Қазір 28 жастағы спортшы «Астана» клубының намысын қорғайды. Бұған дейін ол Индонезияның Yogya Falcons, БАӘ-нің «Аль-Васл», Жапонияның GSS Sunbeams, Италияның «Волалто Казерту» және ВК «Алматы» командаларында ойнаған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру